+ All Categories
Home > Documents > IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША...

IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША...

Date post: 04-Jun-2020
Category:
Upload: others
View: 28 times
Download: 0 times
Share this document with a friend
25
Пән бойынша бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Transcript
Page 1: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Пән бойыншабағдарламасының(SYLLABUS) титул

парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

IG 1206 Инженерлік геодезияПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

Page 2: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Павлодар, 2013Пән бойыншабағдарламасын

(Syllabus) бекітупарағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН Сәулет-құрылыс факультетінің

деканы _________ Күдерин

М.Қ. 20___ ж.

«___»_________

Құрастырушы: аға оқытушы Баймулдинова Қ.С. __________

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

5В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»мамандығының күндізгі оқу нысананың студенттеріне арналған

IG 1206 Инженерлік геодезияПӘНІ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасыныңнегізінде әзірленген.

20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич«___»___________20___ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесіменқұпталған20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.

Page 3: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова«___»_____________20___ ж.

Page 4: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

1 Оқу пәнінің төлқұжаты Инженерлік геодезия пәніКредит саны және оқу мерзіміБарлығы – 3 кредитКурс: 1Семестр: 2Барлық аудиториялық сағат саны – 45 сағат Дәріс – 15 сағатПрактикалық сабақ – 30 сағат СӨЖ – 90 сағатсоның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағатЖалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағатБақылау түрі:Қорытынды бақылау түрі: емтихан (тестілеу) – 2 семестр.

Пререквизиттер Пәннің бағдарламасы мына пәндерге негізделген:

математика; физика; инженерлік графика және сызбагеометриясы; ақпараттану. Постреквизиттер Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік жәнедағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: орманресурстары, орман шаруашылығы және т.б.

2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысуақпараттары:

Баймулдинова Қарлығаш Слямқызы «Құрылысматериалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасының ағаоқытушысы. «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау»

кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусындаорналасқан.

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялықсабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілгенкестеге сәйкес жүргізіледі. 3 Нысан, мақсат пен міндет Пән нысаны: Инженерлік геодезия пәнің оқыту мақсаты болыпгеодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ маманды теоретикалықжәне тәжірибелік білімнің негізіне оқыту; инженерлік-геодезиялықжұмыстарын орындауға байланысты геодезиялық өлшемдермен олардыңнәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу; инженерлік құрылымдарды жобалау

Page 5: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

үшін ірімасштабты пландар мен профильдерді дайындау. Геодезияныңгеодезиялық жұмыстардың теориялық негізін өндірісте пайдалануын; лазерлік,электрондық автоматтандырылған жүйелер қолданған аспаптарды пайдаланаалдынғы қатарлы геодезиялық өлшеулер технологиясын құру; инженерлікесептерді шешуге топографиялық пландар мен карталар қолдану; геодезиялықаспаптармен өлшеулер жүргізу; геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Пәннің мақсатыПәннің мақсаты - студенттерге инженерлік геодезиялық әдістерді және

инженерлік жұмыстарын орындауды және қазіргі геодезиялық аспаптарды оқыпүйренуді, өндірісте орындалатын жұмыстардың әдістерімен жергілікті жердежәне жобалауды үйрету. Пәннің міндеттері

- геодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ мамандытеоретикалық және тәжірибелік білімнің негізіне оқыту;

- инженерлік-геодезиялық жұмыстарын орындауға байланысты геодезиялық өлшемдермен олардың нәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу.

4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер: Жер шарының өлшемі формасы туралы; координата және биіктік

жүйелері туралы; геодезиялық пландық және биіктік тірек торлары туралы;геодезиялық құрал-жабдықтармен геодезиядағы өлшеу тәсілдерінің қазіргізаманғы даму тенденциясы туралы ұғымы болуына;

білу керек:- геодезия және геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін;- геодезиялық өлшеулердің орындалу технологиясын; - геодезиялық өлшеулердің нәтижесін өңдеудің теориялық негізін; - инженерлік практикада типтік инженерлік-геодезиялық есептін көп

таралған негізгі талабының шешімін және геометриялық маңызын;- аудандарды графикалық тәсілмен және координаталары

бойынша есептеуды;орындай алуы керек:- топографиялық планмен картаны емін-еркін пайдалана

білу, солардың негізінде графикалық және математикалықесептеулерді шығаруды;

- топографиялық картаны оқуды, топогеодезиялық материалдардықолдану, сол негізде инженерлік есептерді шешуді;

- геодезиялық жұмыстарды орындауды, топографо-геодезиялықізденістерді жүргізуді, топографиялық пландарды салу мен түзетуді және жобанүктелерін жер бетіне шығаруды;

- негізгі геодезиялық аспаптармен қолдануды;- геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеуді;тәжірибелік дағдылану:

Page 6: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

- негізгі геодезиялық аспаптармен өздік жұмыстардыжүргізу сонымен қатар геодезиялық өлшеулерді орындауы;

- геодезияның инженерлік есептеу саласында дағды менбілімді қолданудың тиімділігі;

- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуішаппаратурасымен қолдануы;

білікті болу керек:- пландық-картографиялық материалдарды өндірісте қолдану және басқа

топографиялық ақпараттарды әртүрлі инженерлік есептерін шешу үшінқолдануды;

- сызықтық, биіктік, бұрыштық өлшеулер жүргізу және жергілікті жердітүсіру саласында;

- геодезиядағы инженерлік есептерды шешу үшін қазіргі әдістердіқолдануы;

- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуішқұралдарымен қолдануы. 5 Пәнді оқытудың пәндік жоспары Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

№ Тақырып атауы Сабақтың түрлерібойынша

сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс Прак барлығы соның ішінде СӨЖО

1 2 3 4 5 6 1 Кіріспе 1 - 4 1,5 2 Геодезия туралы жалпы

мәліметтер 2 6 6 2 3 Геодезиялық өлшеулер3.1 Ұзындық өлшеулер 1 2 10 23.2 Бұрыштық өлшеулер 1 5 10 23.3 Биіктік өлшеулер, нивелирлеу 2 5 10 33.4 Ауданды анықтау 1 2 8 2 4 Геодезиялық түсірістер4.1 Топографиялық түсірістер

туралы мәліметтер 2 - 6 2

4.2 Теодолиттік түсірістер 2 4 10 24.3 Тахеометрлік түсірістер 1 2 10 2 5 Орман шаруашылығының өндірістегі геодезиялық жұмыстар5.1 Трассаны жүргізген кездегі

Page 7: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

геодезиялық жұмыстар 1 2 10 25.2 Жер бетін шаршылап

нивелирлеу 1 2 102

БАРЛЫҒЫ: 15 30 90 22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны1 тақырып. Кіріспе Жоспар 1 Геодезия пәні, оның мәселелері және әдістері.2 Дамуының негізгі тарихы кезеңдері және басқа ғылымдармен

байланысы.3 Ғылыми-техникалық прогресс және геодезияның қазіргі әдістерінің

дамуы.4 Геодезиялық өлшеулер.5 Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және инженерлік-геодезия лық

жұмыстарды орындаудағы қоршаған ортаны қорғау. Геодезия – Жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.Жер бетінің және оның кейбір бөлшектерінің пішіні мен өлшемдерін

анықтайтын ғылымды геодезия дейміз. Бұл анықтау геодезиялық өлшеулерарқылы жүзеге асады.

Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалықжәне инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылыөлшеп нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді.

Геодезия шешетін басты мәселелері:1 Жердің фигурасын, пішіні мен көлемін және сыртқы гравитациялық

тартылысын, яғни тартылыс күшін анықтайды.2 Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орнын

анықтайды.3 Жер бетінің картасы мен планын жасайды.4 Жер бетінде құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану үшін өлшеу

жұмыстарын орындайды.Ізденіс, жобалау, құрылысты салу кезіндегі жүргізілетін геодезиялық

жұмыстардың әдістерін анықтайтын ғылымды – инженерлік геодезия дейміз.Геодезияның теориясы мен тәжірибелік жұмыстарының ең бастысы

геометриялық жергілікті жобалауды құру, есептеу, өлшеу. Өлшем бірлігіненқаншаға үлкен не кем екенін көрсететін нәтижені өлшеу процессі деп атаймыз.Өлшеу тікелей және жанама болады. Тікелей өлшеуде, мысалы қиындыныңұзындығын сызғышпен, ал бұрышты транспортирмен өлшейміз. Жанама өлшеу– тура өлшеудің функциясы болып саналады. Мысалы, теодолитпен өлшенетінбұрыш, тура өлшеудің бағытымен заттың оң және сол жағымен бақыланады.

Page 8: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Кез-келген геодезиялық өлшеуді орындағанда негізгі бес фактордың әсерінбілу қажет. Ол бес факторға жататындар: өлшеу орны, орындаушы, аспап,өлшеу әдісі және сыртқы орта. Жалпы геодезиялық өндірісте бұрыштық,сызықтық, Жер бетіндегі екі әртүрлі нүктені өлшеуді орындайды.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-7 б.].2 тақырып. Геодезия туралы жалпы мәліметтер

Жоспар1 Жердің физикалық беті туралы түсінік, оның пішіні және мөлшері. 2 Биіктік жүйесі және геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі.3 Сызық бағытын бағдарлау.

4 Карта, план, профиль туралы ұғымдар. 5 Масштабтар, олардың түрлері. Масштабтың дәлдігі. 6 Жер бетінің бедері. Рельефтің негізгі пішіндері, пландарда жәнекарталарда рельефтің бейнелеу әдістері. 7 Горизонтальдар әдісі. Қима биіктігі. Сызық еңістігі, көлбеу бұрышы.

Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік.Жердің ғарыштан түсірген суреті оның пішіні шар тәріздес екеніне күмән

келтірмейді. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетамыздың нақты шар емес,полюстері жағынан сәл қысынқы келетіндігін көрсетті. Бүкіл жер шарының беті510 млн км2 тен. Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар алып жатыр 71%, материктер29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Одардың қаншалықты биікнемесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады. Ондайбастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз бетіалынады. Материктің астынан созылған мұхит немесе теңіздің беті және де әркелген нүктесінде тіктеуіш сызыққа перпендикулярлы болатын бетті –деңгейлік бет деп санаймыз. Деңгейлік бетпен шекаралған тәрізді – геоид д.а.Геоид тәрізді сфероид бетіне тең келеді. Жердің сығылу коэффициенті аз болғандықтан көп есептерді шешкендеЖердің пішіні ретінде, радиусы 6371 км болатын сфера деп есептелінеді. Биіктік жүйесі Нүктенің абсолют биіктігі – белгілі бір нүктеден алынған деңгейлік беткедейінгі тіктеуіштік бағардағы қашықтық. Теңіз деңгейінен есептелетің нүктебиіктігі нүктенің абсолют биіктігі болып табылады да биіктіктің сандық мәнібелгі деп аталады. ТМД елдерінде биіктіктерді өлшеу Балтика теңізінің орташадеңгійінен, нақты айтқанда Кронштадт футштогынан (Балтика теңізініңайналма каналындағы гранит тіреуіне бекітіліп қағылған мыс табақшасы)жүргізіледі. Егер қашықтық жер бетіндегі белгілі бір нүктеден деңгейлік бетке дейінемес, басқа бір шартты бетке дейін алынатын болса, онда белгі шартты белгідеп аталады. Салыстырмалы биіктік биікайырым деген ұғымды түсіндіреді.Биікайырым немесе өзара биіктігі – жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерайырымы. A

Page 9: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

B h

АН ВН

BA HHh

Геодезияда қолданылатың жүйелер 1 Географиялық координата жүйесі Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады. 1.1 Географиялық бойлық (λ) – берілген нүкте арқылы өтетін меридиан

мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы бұрыш. Лондон қаласының түбіндегі Гринвич абсерваториясын басып өтетін

меридиан, халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридианретінде қабылданған. Екі нүктенің бойлықтарының әр түрлілігініңайырмашылығын уақыт бойынша көрсетуге болады. Әр 150 бойлық бойыншауақыттың 1сағатына сәйкес келеді.

Бір меридиан бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей бойлық болады. 1.2 Географиялық ендік (φ) – бұл берілген нүктедегі тік сызықпен экватор

жазықтығының арасындағы бұрыш. Ендік меридиан доғасы бойыншаэкватордан солтүстікке немесе оңтүстікке қарай есептелінеді.

Біздің еліміз түгелдей солтүстік жарты шарда, яғни солтүстікке қарайорналасқан. Сондықтан оның кез келген нүктенің ендігі солтүстік ендік депесептелінеді.

Бір параллель бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей ендік болады. 2 Тік бұрышты координата жүйесі Нүктенін жазықтықтағы орның өзара перпендикуляр сызықтармен

перпендикуляр көмегімен табуға болады. Бұл перпендикулар осы нүктеденсызықтарға түсірілген. Ноль нүктесі сызықтардың қиылысу нүктесі -координата басы деп аталады. Ал тік сызықтар координата өстері деп аталады.хх – абцисса өсі, yy – ордината өсі. Координата остері жазықтықты төртбөлікке бөледі. Геодезияда бөліктерді санау бағыты бойынша жүргізіледі.

3 Гаусс–Крюгердің зоналық координата жүйесі Гринвич меридианнан бастап жер эллипсоиды 60 бойлықпен алынған

меридиан сызығымен 60 зонаға бөлінеді. Орта меридиан әр зонада өстік депаталады. Өстік меридиан мен экватор сызығы бірге координата жүйесінқұрастырады. Өстік меридианға және экватор сызығына параллель сызықтаркилометрлік тор д.а.

Солтүстік жарты шарда барлық абсциссалар – оң, ал оңтүстік жартышарда – теріс. Өстік меридианнан шығысқа қарай орналасқан барлықординаталар – оң таңбамен, ал батысқа қарай теріс таңбамен саналады. 4 Полярлық координата жүйесі

Page 10: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Полярлық координаталар жүйесінде кез-келген А нүктенің жазықтықтағыорның радиу с вектор (r) арқылы анықтайды. r нол нүктеден шығады. Нол –полюс ж/е β бұрышы ох полярлық остен r-ға дейін сағат бағыты бойыншаесептеледі. Полярлық өстің жаз-ғы орның бейтарап таңдауға болады. Кейкездерде оны меридиан бағытымен байланыстырады. Меридиан нөль полюсарқылы өтеді.

Сызық бағытын бағдарлауМеридианға қатысты сызықтың бағытын анықтау бағытты

бағдарлау д.а. Бағытты бағдарлау үшін келесі бұрыштарқолданылады: географиялық және магниттік азимуттар,дирекциондық бұрыш, румбылар.

Географиялық (шын) меридианның солтүстік бағытынан сағат тілібойымен ( 00 -тен 0360 -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетінгоризонталь бұрыш географиялық (шын) азимут деп аталады. Магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен ( 00 -тен

0360 -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрышмагниттік азимут деп аталады.

Өстік меридианның немесе соған параллель сызықтың солтүстікбағытынан сағат тілі бойымен ( 00 -тен 0360 -қа дейін) берілген сызықтыңбағытына дейін есептелінетін горизонтальды бұрыш дирекциондық бұрыш д.а.

Румб дегеніміз меридианның солтүстік немесе оңтүстік ұшынан берілгенсызықтың бағытына дейінгі саналатын сүйір бұрыш. План, карта және профиль туралы ұғымдар

Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағыкішірейтілген бейнесі – план д.а.

Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағыкішірейтілген бейнесі – карта д.а.

Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план менкартаны ситуациялық (контурлық) д.а. Ал, егер ситуациямен қатар рельефтіңбейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д.а.

Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:- ірімасштабты – М 1:100 000 одан да ірі;- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;- ұсақмасштабты – М1:1000 000 одан да ұсақ.

Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне – профильд.а.

Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштабгоризонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек. Масштабтар және олардың түрлері

Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегікесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаныңмасштабы деп аталады.

Page 11: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болыпбөлінеді. Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см.

Пландағы 0,1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық –масштабтың дәлдігі деп аталады. Жер бедері (рельеф)

Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың,ойпаттардың жиынтығы жер бедері д.а.

Рельефтің сипатына байланысты Жердің беті жазық, төбелі және таулыболып бөлінеді. Жер бетінің негізгі рельефіне жататындар: төбе, ой-шұңқыр,жота, сай және өркеш төбелер.

Топографиялық карталарда бедер горизонтальдар арқылы бейнеленеді. Горизонтальдар деп картада биіктігі бірдей нүктелерді қосатын

сызықтарды айтады. Горизонтальдар картада немесе планда қоңыр түспен көрсетіледі,

горизонтальдың айырымында қойылатын цифрлар горизонтальдың белгілерідеп аталады. Горизонтальдар ешқашан бір – бірімен қиылыспайды.

Горизонтальдар өтетін биіктіктер аралығын бедер қимасының биіктігі (һ)деп атайды.

Планда көршілес горизонтальдардың арасындағы қашықтық жатыссызығы д.а.

Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтыңеңістігі д.а.

һ d

d

htgi

Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-37 б.].3.1 Тақырып - Ұзындық өлшеулерЖоспар1 Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік. 2 Лентамен ұзындық өлшеу. 3 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар. Ұзындық өлшеу өздік жұмыс түрінде арнаулы алаңда жүргізіледі.

Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін екі тәсілді қолданады тікелей және жанама. Қолданылатын аспаптар: жер өлшейтін аспаптар, өлшеу рулеткасы,

инварлік сымдар (тікелей әдіспен); оптикалық арақашықтық өлшеуіш, жарықарақашықтық өлшеуіш, радио арақашықтық өлшеуіш, жіптік арақашықтықөлшеуіш, қос бейнелі қашықтық өлшеуіш (жанама әдіспен).

Ұсынылатын әдебиет: [1, 74-87 б.].

Page 12: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

3.2 Тақырып - Бұрыштық өлшеулерЖоспар1 Горизонталь бұрыштарды өлшеу принціптері. 2 Теодолиттің классификациясы. 3 Қазіргі техникалық теодолиттердің негізгі типтері және құрылысы. 4 Теодолитті тексеру және жөндеу. 5 Вертикаль бұрыштарды өлшеу. Вертикаль бұрыш (көлбеу бұрыш)

туралы түсінік Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын аспап теодолит деп аталады. Теодолиттер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді: Т-1 – жоғары дәлдікті; Т-2; Т-5 – дәл; Т-15; Т-30; 2Т-30; 4Т-30П; Т-60 – техникалық, Көлбеу бұрыш өлшеу формулалары:

2

КПКЛ

Көлбеу бұрыш нольдік орын арқылы есептелінеді: Көздеу өсінің горизонталь жағдайдағы вертикаль дөңгелектің лимбасы және вертикаль дөңгелектің алидадасы бойынша санақтын аты – нольдік орын деп аталады.

2

КПКЛМО

МОКЛv КПМОv

Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принципіне сәйкестеодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандырукерек: 1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік деңгейлеуіштің осі /UU құралдың айналу осіне /II перпендикуляр болуыкерек. 2 Көру дүрбісінің көздеу осі /VV дүрбісінің /HH айналу осінеперпендикуляр болуы керек. 3 Көру дүрбісінің айналу осі /HH теодолиттің айналу осіне /II

перпендикуляр болуы керек. 4 Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-73 б.].3.3 Тақырып - Биіктік өлшеулер, нивелирлеуЖоспар1 Нивелирлеу, оның түрлері2 Геометриялық нивелирлеудің әдісі мен маңызы. 3 Биіктік есептеудің әдісі (өзара биіктік арқылы және горизонт аспабы

арқылы).4 Нивелирлеу рейкалары, оның құрылысы. 5 Нивелирлер, оның құрылысы мен классификациясы.

Page 13: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

План мен карталардағы жер бедерінің көрінісі үшінпрофильді құрастыру үшін және инженерлік есептерді шығаруүшін жер бетіндегі нүктелердің белгілерін білу керек. Аймақтағы нүктенің белгісін және олардың айырымын(биікайырымын) анықтау үшін жүргізілетін өлшеулер, соныменқатар есептегіш бетіне қатысты жер бетіндегі нүктелерініңбиіктіктерін анықтауларын нивелирлеу деп аталады. ТМД елдерінде шығушы пункт болып Балтық теңізініңорташа деңгейі есептеледі. Жұмысты орындау әдісі мен қолданылатын құрал-жабдықтарға байланысты нивелирлеу келесі түрлерінебөлінеді: 1 Геометриялық нивелирлеу – горизонталь көздеусәулесімен жүргізіледі. Құралдар: нивелир, нивелирлік рейка.Дәл болып есептеледі. 2 Тригонометриялық нивелирлеу – көлбеу көздеусәулесімен орындалатын нивелирлеу. Құралдар: теодолит,нивелирлік рейка, өлшеуіш лентасы. 3 Физикалық нивелирлеу 3.1 Барометрлік нивелирлеу – деңгейлік беттен жоғарынүктелер биіктігінің өзгеруімен атмосфералық қысымдыөлшеуге негізделген нивелирлеу түрі. 3.2 Гидростатикалық нивелирлеу – сұйықтықтардыңқатысатын ыдыстарда бірдей биіктік алу қасиетіне негізделгеннивелирлеу. 4 Фотограмметриялық нивелирлеу – ұшақ бортынанарнаулы стереоқұралдармен алынған суреттерденбиіктіктерінің әр түрлілігін алады. 5 Механикалық нивелирлеу - ілгіш әрекетіне негізделгеннивелир-автоматпен орындалатын нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеу Нивелирдің горизонталь көздеу сәулесімен жәненүктелерде тік орналастырылған рейкалардың көмегімен бірнүктенің екінші нүктеден биікайырымын анықтаугеометриялық нивелирлеу деп атайды

Геометриялық нивелирлеу екі әдісімен іске асады: «ортасынан» және«алға».

Нивелирлер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді: H-05; Н-1 – жоғары дәлдікті; Н-3; Н-3К – дәл; 3Н-5Л; 2Н-10Л; Н–10КЛ – техникалық,

Ұсынылатын әдебиет: [1, 88-100 б.].3.4 Тақырып – Ауданды анықтау

Page 14: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Жоспар1 Аналитикалық – полигонның төбесінің координаталары бойынша,

аудандарды анықтау. 2 Графикалық – тұйық фигура арқылы аудан анықтау. 3 Палеткамен аудан анықтау. 4 Механикалық құрал - планиметр, оның құрылысы және тексеруі.

Кез келген түрлі пішінді айналдырып, ауданды анықтайтын механикалық аспап – планиметр. Планиметрмен жұмыс істегенде, айналдыружәне полюстік рычагтар арасындағы бұрыш 300 -тан - 1500-дейін болу керек.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 37-44 б.].4.1 Тақырып - Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер.Жоспар1 Түсірістің мәні және қолданылатын аспаптың түрлері. 2 Геодезиялық түсірістің негіздері. 3 Пландық және биіктік геодезиялық торларПлан, карта немесе кескін салу үшін жер бетінде жүргізілетін бұрыштық

және сызықтық өлщеулердің жиынтығын жергілікті жерді түсіру деп атайды. Бедердің немесе биіктік сипаттамаларының суретін түсіріп алу үшін

биіктік немесе вертикаль түсіру қолданылады.Түсіру барысында пайдаланатын құралдар мен жұмыс әдістеріне қарай

түсіру әр түрлі болады, оның ішінде теодолиттік, тахеометрлік, мензулалықжәне фототопографиялық түсіру.

Теодолиттік түсіру теодолит, өлшеуіш таспа және рулетка арқылыжүргізеді. Нәтижесінде контурлық немесе ситуациялық план пайда болады.

Тахеометрлік түсіру теодолит – тахеометр арқылы орындалады. Бұлтүсіру бедерді бейнелеуге арналған.

Мензулалық түсіру кезінде бедер мен ситуация суреті бар планды мензулажәне кипрегель арқылы, тікелей далаға шығып, құрастырады.

Фототопографиялық түсірудің өз ерекшеліктері бар. Планды немесекартаны жасау үшін жергілікті жерді суретке түсіріп алып, пайда болғанфотосуреттерді тиісінше өңдейді. Ал жер бетін ұшақтан түсіруді аэрофототүсірудеп атайды.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 101-103 б.]. 4.2 Тақырып - Теодолиттік түсірістер

Жоспар 1 Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар. 2 Жұмысты орындау тәртібі.

3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,

бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар). 5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.

Теодолитпен өлшеуіш лента көмегімен түсіру арқылы контурлық планшығару теодолиттік түсіріс деп аталады.

Теодолиттік түсіріске жатады:1 дайындық жұмыстар;

Page 15: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

2 дала жұмыстары (құрамы: жерді алдын-ала зерттеп, сол жерлергенүктелерді бекітіп, теодолиттік жүріс жүргізеді және ситуацияны түсіреді);

3 камеральдық жұмыстар.Теодолиттік жүріс - бұрыштарды теодолитпен, арақашықтарды өлшеуіш

лентамен өлшейтін жергілікті жердегі сынық сызықтар жүйесі. Олар тұйықнемесе ашық болады.

Теодолиттік жүрістің нүктелері мен жақтарынан түсіру ситуациясыорындалады. Мынадай ситуациялық түсіру тәсілдері қолданылады:перпендикуляр тәсілі (тікбұрышты координаталар), сызықтық қиылыстырутәсілі, бұрыштық қиылыстыру тәсілі, полярлық координаталар тәсілі.

Тәсілді таңдау түсіру масштабынан, жергілікті заттың теодолиттікжүрістің нүктесі мен жағына қатысты түрі мен орналасуына бағытты.Жергілікті жерде заттардың теодолитті жүріске қатысты өзара орналасуынкөрсететін, еркінше алынған масштабта, қолдан құрастырылған, схемалықсызба – абрис д.а. Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы камеральдіжағдайда план құрастырылады, сондықтан ол уқыпты және нақты орындалуыкерек.

Дала өлшеулердің нәтижелерін өңдеу (камералдық жұмыстар)1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциондық

бұрыштары мен румбаларын есептеу.2) Координаталар өсімшелерін есептеу және үйлестіру.3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.4) Теодолиттік түсіріс материалдар бойынша жергілікті жер учаскесінің

планын салу.Ұсынылатын әдебиет: [1, 104-114 б.].4.3 Тақырып - Тахеометрлік түсірістерЖоспар1 Тахеометриялық түсірістің мәні. 2 Пландық және биіктік негіздерін салу әдістері. Аспаптар. 3 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. Тахеометриялық

жүрісті жүргізу, оның дәлдігі, тексеріс, шекті қателері. 4 Ситуация мен рельефті түсіру. 5 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.Тахеометриялық түсіру топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің

нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады.«Тахеометрия» деген сөз грек тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген

мағынаны береді.Өлшеудің тездігі, планда түсірілетін нүктелердің орналасуы және

биіктігін анықтау бір рет құрылғының көру дүрбісін рейкаға бағыттау арқылыарақашықтық өлшеуіш бойынша арақашықтықты алу, горизонталь жәневертикаль бұрыштар және биік айырымды анықтау болып табылады.

Тахеометриялық түсіру құралдары болып тахеометр табылады. Негізі тахеометриялық түсірісте биікайырым (өзара биіктік)

тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.Ситуацияны түсіру полярлық әдіспен жүргізіледі.

Page 16: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Алаңда бір уақытта тахеометриялық журнал, ал әрбір станция үшін абрисқұрастырылады.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 115-121 б.].5.1 Тақырып – Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар Жоспаар1 Трассаны нивелирлеу. 2 Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу. 3 Нүктенің биіктігін анықтау.4 Трасса профильін құру.Құрылыстарды жобалау, салу және қолдану үшін мәліметтерді жинау

және зерттеу процессі – іздену деп аталады.Трасса дегеніміз – жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға,

планға, фотопланға координаталармен түсіріледі және жердің бетінде бекітіледі.Яғни, жерде белгіленген және картада салынған жобаланатын сызқтық

құрылыстың осі – трасса.Трассаның элементтері: план және профиль.Трассаның негізгі нүктелері: трассаның басы, соңы және бұрылыс

бұрыштың төбесі.Трассаның жобалау кезінде қолданылатын карталардың масштабтары:

М1: 10 000-М1: 25 000.Трассада пикетаж жасау – трассаны пикетке бөлу. Пикеттік нүктелердің

аралығы – 100 м.Трассаның бойындағы жұмыстар пикетаж журналында көрсетіледі.Шеңберлі қисықтың элементтері трассаның бұрылыс бұрышымен θ және

қисықтық радиусы R арқылы анықталады.Шеңберлі қисықтың элементтері: қисық, тангенс, домер, биссектриса.

Шеңберлі қисықтың негізгі нүктелері: басы, ортасы, соңы.

Page 17: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Трассаның бұрылыс төбесінен (БТ) қисықтың ортасына (ҚО) дейінгіарақашықтықты биссектриса деп атайды (Б).

Қисықтың басынан қисықтың соңына дейінгі арақашықтықты қисық депатайды (Қ).

Қисықтың басынан немесе қисықтың соңынан бұрылыс төбесіне дейінгіжанаманың ұзындығы тангенс деп аталады.

Қисық пен жанаманың ұзындығының арасындағы айырымы домер депаталады.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 149-154 б.].5.2 тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеуЖоспар1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу. 4 Интерполяциялау әдісімен горизонтальдар жүргізу және топографиялық

пландарды құру.Беттің нивелирлеуі анық айқындалмаған рельефті, ірі масштабты

топографиялық пландарды алу үшін орындалады.Беттің нивелирлеу материалдары бойынша планды жасау үшін берілген

масштабта квадраттар мен магистральдардың торын қағазға түсіреді де, квадратнемесе пикеттік нүктелер биіктіктеріне қарсы белгілерін жүздік бөлшек метржуықтығымен салады. Абрис мәліметтері бойынша жағдай жәнегоризонтальдар түсіріледі. Горизонтальдар түсірілуі графикалық интерполяцияарқылы жүзеге асады.

Алынатын және үйілетін топырақтарының көлемдері жеке есептелінедіжәне олардың арасындағы айырмашылығы 5%-тен аспау қажет.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 155-161 б.]. 7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат Практикалық сабақтар 1-6

2 Тақырып - Геодезия туралы жалпы мәліметтер. Жоспар

1 Карта бойынша есеп шығару. 2 1:10 000, 1: 25 000, 1:50 000, 1:100 000 топографиялық карталардықолданып жұмыс істеу. Тапсырмалар: 1 Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын анықтау. 2 Азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау. 3 Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігінанықтау. 4 Көлденең масштабтың диаграммасын салу. 5 Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілгенбағытта профиль құрастыру. 6 Қима биіктігін анықтау. 7 Сызық еңістігі, көлбеу бұрышын анықтау.

Page 18: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

8 Горизонтальдар бойынша пландағы нүктелердің биіктіктерін есептеу. 9 Тура және кері геодезиялық есептерді шығару. Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-37 б.; 2, 7-28 б.]. Практикалық сабақтар 7-8 3.1 Тақырып – Ұзындық өлшеулер Жоспар 1 Лентамен ұзындық өлшеу. 2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар. Тапсырмалар:

1 Лентамен ұзындық өлшеу әдістерін меңгеру. 2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптарымен жұмыс істеу.3 Өлшеу нәтижесінде компорирлеуге, температураға, көлбеу бұрышқа

беретін түзетпелерді анықтау. Ұсынылатын әдебиет: [1, 74-86 б.; 2, 29-36 б.]. Практикалық сабақтар 9-13

3.2 Тақырып Бұрыштық өлшеулерЖоспар

1 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысы. 2 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптері. 3 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасы. 4 Көлбеу бұрышын өлшеу әдістері.

Тапсырмалар: 1 Бұрыштық өлшеуге арналған аспаптар зерттеу. 2 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысын зерттеу. 3 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптерін меңгеру. 4 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасынөткізу. 5 Көлбеу бұрышын өлшеу. 6 Вертикаль шеңбердің «ноль орны» анықтау. Ұсынылатын әдебиет: [1, 55-73 б.; 2, 37-51 б.]. Практикалық сабақтар 14-18 3.3 Тақырып – Биіктікті өлшеу, нивелирлеу Жоспар

1 Геометриялық нивелирлеу.2 Қарапайым және күрделі нивелирлеу.3 Техникалық нивелирлеу.Тапсырмалар:

1 Н-3, 3Н-5Л, Н-10КЛ нивелирлердің құрылысы және жұмыс істеутәртіптерін меңгеру. 2 Нивелирлердің поверкасы және юстировкасы. 3 Нивелирлік жүрістің үйлесуін анықтау. 4 Нивелирлеу жүріс бойынша нүктелердің биіктігін анықтау. Ұсынылатын әдебиет: [1, 88-101 б.; 2, 72-81 б.]. Практикалық сабақтар 19-20 3.4 Тақырып – Ауданды анықтау

Page 19: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Жоспар 1 Аналитикалық әдісі бойынша аудан анықтау. 2 Графикалық әдісі бойынша аудан анықтау. 3 Палеткамен аудан анықтау.

4 Механикалық құрал - планиметр, оның құрылысы және тексеруі.Тапсырмалар:1 1:5000 масштабта ауданды өлшегенде, квадраттық палетканың бір

қабырғасы 2 мм болса, онда бір бөлімнің құны неше гектарға тең? 2 Масштабы 1:20 000 планда координаталар торының бір квадратыныңауданына сәйкес шаманы анықтау. Ұсынылатын әдебиет: [1, 37-44 б.; 2, 29-36 б.].

Тапсырмалар: Практикалық сабақтар 21-24 4.2Тақырып - Теодолиттік түсіріс Жоспар 1Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар. 2 Жұмысты орындау тәртібі. 3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер). 4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат, бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар). 5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.

Тапсырмалар: 1 Координат шығару ведомості құрастыру. 2 Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000). 3 Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000). Ұсынылатын әдебиет: [1, 104-114 б.; 2, 87-98 б.].

Практикалық сабақтар 25-26 4.3 Тақырып - Тахеометрлік түсіріс

Жоспар1 Тахеометриялық түсірістің мәні. 2 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. 4 Ситуация мен

рельефті түсіру. Тапсырмалар:1 Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігін, тексерісін анықтау.2 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.Ұсынылатын әдебиет: [1, 115-121 б.; 2, 99-111 б.].

Практикалық сабақтар 27-28 5.1 Тақырып - Трассаны нивелирлеу

Жоспар 1 Трассаны нивелирлеу. 2 Нүктенің биіктігін анықтау. 3 Трасса профильін құру. Тапсырмалар:

1 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу. 2 Нүктенің биіктігін анықтау.

Page 20: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

3 Профильді құру (горизонталь масштаб 1:1000, вертикаль масштаб1:500). Ұсынылатын әдебиет: [1, 149-154 б.; 2, 115-121 б.]. Практикалық сабақтар 29-30 5.2 Тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеу

Жоспар1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу. Тапсырмалар:

1 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу. 2 Жер жұмыстарының картограммасын құру. Ұсынылатын әдебиет: [1, 155-160 б.; 2, 122-131 б.].

8 Өздік жұмысының тапсырмаларыТақырып 1 Кіріспе 1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Геодезиялық жұмыстарға қойылатын талаптар.2 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді арақашықтықты

өлшеуге әсер етуі.2 Реферат жазу: Геодезияның дамуының қысқаша тарихи очеркі.Тақырып 2 Геодезия туралы жалпы мәліметтер. 1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Топографиялық карталардың номенклатурасы және разграфкасы.2 Шартты белгілер.2 Реферат жазу: Навигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану. Тақырып 3.1 Ұзындық өлшеулер 1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Өлшеу аспаптарды компарирлеу.2 Жарық- және радиоқашықтық өлшеуіштер. 2 Реферат жазу: Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану. Тақырып 3.2 Бұрыштық өлшеулер

Келесі сұрақтарды дайындау:1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге

өлшеуге әсер етуі.2 Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер бойынша ұғым.2 Реферат жазу: Компьютерлік өңдеуі бар электрондық теодолиттер.

Тақырып 3.3 Биіктікті өлшеу, нивелирлеу.1 Келесі сұрақтарды дайындау:1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге

өлшеуге әсер етуі.2 Дәл және жоғары дәлдікті нивелирлеу бойынша ұғым.2 Реферат жазу: Қазіргі замануи геодезиялық нивелирлер. Тақырып 4.1 Топографиялық түсірістер бойынша ұғым

Page 21: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

Келесі сұрақтарды дайындау:1 Мензулалық түсіріс.2 Фототопографиялық түсіріс.Тақырып 4.2 Теодолиттік түсірістер

Келесі сұрақтарды дайындау:1 Тура және кері геодезиялық есептер шешу. 2 Түсіріс торларының параметрлеріне және орналасуына негізгі талаптар.Тақырып 4.3 Тахеометрлік түсірістер

Келесі сұрақтарды дайындау:1 Түсіру негіздерінің пункттерінің координаталарын және биіктіктерін

теңдестіру, есептеу. 2 Ситуацияны түсіру және рельефті сызу.Тақырып 5.1 Трассаны нивелирлеу

Келесі сұрақтарды дайындау:1 Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар.

2 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу.Тақырып 5.2 Жер бетін шаршылап нивелирлеу

1 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу. 2 Нивелирлеудің далалық сызбасы. Байланыс нүктелерінен санақ алу бойынша далалық бақылау.

9 Есіптік-графикалық жұмыстын мазмұны және орындау графигі

№ Тақырып Мазмұны Тапсыру графигі1 Топографиялық

картабойынша есеп шығару

Нүктелердің географиялық жәнетікбұрышты координаттарын анықтаужәнеде азимуттарын, дирекциондықбұрыштарын, румбыларын анықтау. Масштабтардың дәлдігін жәнеграфикалық дәлдігін анықтау.Көлденең масштабтыңдиаграммасын салу. Масштабы1:10 000 топографиялық картадаберілген бағытта профильқұрастыру.

2-ші аптада тапсырма беріледі; 4-ші аптада қорғау

2 Нивелирлікжүрістің үйлесуі

Биіктік қателікті анықтау. Нивелирлікжүрістің үйлесуі.

5-ші аптада тапсырма беріледі;6-ші аптада қорғау

3 Теодолиттіктүсіріс кезіндегі камеральдік жұмыстар

Координат шығару ведомості құрастыру.Теодолиттік жүріс бойынша схемақұрастыру (масштаб 1:2000). Контурлықпланды құрастыру (масштаб 1:1000).

12-ші аптада тапсырма беріледі;14-ші аптада қорғау

10 СОӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СОӨЖ 25% СӨЖ-данқұрастырылады)

Page 22: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.

Жаңа оқу семестр бойынша СОӨЖ кестесіне сәйкес

№ Сабақтын түрлері дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі1 Дәріс бойынша

сұрақтарға кеңес беру

кестебойынша

2 Тәжірибе сабақтарбойынша сұрақтарғакеңес беру

Кестебойынша

3 СӨЖ бойыншасұрақтарға кеңесберу

Кестебойынша

4 ЕГЖ бойыншасұрақтарға кеңесберу

Кестебойынша

5 Тест тапсырмаларыбойыншасұрақтарға кеңесберу

Кестебойынша

11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесіПрактика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке,

студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі

№Жұмыстүрі

Тапсырманың тақырыбы,мақсаты және мазмұны

Ұсыны-латын

әдебиетОрындау мерзімі

Бақылауформасы

Тапсырумерзімі

1 2 3 4 5 6 7

1 ЕГЖТопографиялық карталар бойынша есеп шығару.

[2], [3] 1 апта Қорғау 4-ші апта

2 РефератГлобальды позициялық жүйе(GPS) және оны қолдану.

[1], [2] 1 апта Қорғау 5-ші апта

3 ЕГЖ Нивелирлік жүрістің үйлесуі. [3], [5] 1 апта Қорғау 6-ші апта

4 РефератТопографиялық карталарбойынша аудандардыанықтау.

[1], [3] 1 апта Қорғау 7-ші апта

5Межелгібақылау

Модуль 1,2 Тест 8-ші апта

6 РефератҚазіргі замануи геодезиялық аспаптар.

[1], [2] 1 апта Қорғау 10-ші апта

7 РефератНавигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану.

[1], [2] 1 апта Қорғау 11-ші апта

8 ЕГЖ Теодолиттік түсіріс кезіндегікамеральдық жұмыстар.

[1], [2] 3 апта Қорғау 12-14 апталар

Page 23: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

9 Межелгібақылау

Модуль 3,4 Тест

15-ші апта

12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәнніңоқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады.Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады: сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларғақатысу;

өздік және практикалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

ЕГЖұмыстың бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;сабаққа қатысу және басқа.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойыншаанықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойыншастуденттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады: Р1(2) = АҮ1(2)*0,5 + МБ1(2)*0,5.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең: ЖР= (Р1+Р2)/2 Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан

болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады.Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесекурстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр жәнеСҮқб): Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланғанжағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытындыбақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі.Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күніайтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесікүні айтылады.

Оқу жетістіктері,яғни білім,оқушылардың “Инженерлік геодезия ”пәнібойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:

Балмен есептегендегіқорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлықбаламасы (Ц)

Әріптік жүйедегібаға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегібаға (Д)

95-100 4,0 A Өте жақсы

90-94 3,67 A-

85-89 3,33 B+

80-84 3,0 B Жақсы

75-79 2,67 B-

70-74 2,33 C+

65-69 2,0 C Қанағаттанарлық

60-64 1,67 C-

Page 24: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

55-59 1,33 D+

50-54 1,0 D0-49 0 F Қанағаттанарлықсыз

13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі«Инженерлік геодезия» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды

сұраймын:1 Сабаққа кешікпеу.2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.3 Студенттің міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін

тапсыру.5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу. 6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен

қарау.9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.

10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды.Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан шығарылады. Сабақ барысындасабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.

Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкцияларболмайды.

Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз,сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен )қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегендеемтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.

Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханғажіберілмейді.

Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуыміндетті. Студенттің материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбашатүрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиеттіқолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.

Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусізқолдануға тыйым салынады.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойыншаконспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.

Page 25: IG 1206 Инженерлік геодезия ПӘНІ БОЙЫНША …psu.kz/arm/upload/umk_pdf/177156.pdf29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар

14 Әдебиет тізімі Негізгі 1) Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. – Алматы: ЭВЕРОбаспаханасы, 2005. - 184 б. 2) Игильманов А., Игильманов Т. Инженерлік геодезия. Оқулық. 2-ші басылым – Астана: «Фолиант» баспаханасы, 2010 – 176 б. Қосымша 3) Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Основы геодезии. – М.: Высшая школа,2003. – 368 б.

4) Клюшин Б.Е., Киселев М.И. Инженерная геодезия. – М.: Высшаяшкола, 2002. – 464 б.

5) Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия длястроителей. – М.: Недра, 1990. – 256 б. 6) Новак В.Е. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987.– 429 б. 7) Новак В.Е. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987. –334 б.


Recommended